Кентау қаласы ТЖБ және Түркістан  облысы ТЖД, МӨББ-нің қызметкерлерімен бірлесіп дала орман өрттерiн алдын-алу мақсатында табиғат аясына шығу кезінде ең басты ереже өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау бойынша түсіндіріліп, арнайы дайындаған жадынама парақшалары таратылды.

“Парктер шеруі - 2025” табиғатты қорғау акциясы аясында “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне” орай  ағымдағы жылдың 14 сәуір күні “Хантағы - Кемпіртас” экологиялық соқпағы бойында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерімен  алмұрт ағашының көшеттерін отырғызды.
Аталған іс-шараның мақсаты қоршаған ортаның жай - күйін жауапкершілікпен қарап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

«Парктер шеруі-2025» табиғат қорғау акциясының салтанатты ашылуы киелі қала Түркістанда «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ корпусында салтанатты шерумен ашылды. Түркістан Қазақстанның рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы мен сәулет мұрасы жақсы дамыған киелі қала. 

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу жөніндегі тапсырмасы аясында және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В.Склярмен бекітілген «TazaLike» салтанатты іс-шарасы аясында «Мөлдір бұлақ» акциясы ағымдағы жылдың 28 наурыз күні «Хантағы-Кемпіртас» экологиялық соқпағы бойында жүргізілді. Бұл іс-шараға  қорықтың 10 қызметкері және Кентау көпсалалы колледжнен 20 студент қатысып, нәтижесінде соқпақ бойындағы бұлақ көздері ашылды.

“Taza Like” табиғат қорғау акциясы мекеме ғимаратында бастау алып, қорыққа іргелес орналасқан Байылдыр ауылы С.Қожанов атындағы #9 жалпы білім беретін мектепте жалғасын тауып мектеп оқушыларының қатысуымен  тазалық жұмыстары жүргізілді.
Экологиялық бастама өңірдің табиғатын қорғауға ғана емес, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға да бағытталған.

**22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін** бүкіл әлем бойынша **«Жер сағаты»** халықаралық экологиялық акциясы өтеді!

Бұл — климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудартуға бағытталған әлемдік бастама. Осы бір сағатта миллиондаған адам **жарықты және электр құрылғыларын өшіріп**, табиғатқа жанашырлығын білдіреді.

2 бет. Барлығы: 11

1galaweb1