«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» ұжымы табиғатты қорғау саласында қызмет атқаратын мемлекеттік инспекторлардың өз өмірлерін қауіпке тігіп, қиындыққа қарамай, табиғатты және оның байлығын қорғау жолындағы жанқиярлық еңбегін баяндайтын «ДАЛА» фильмінің көрсетіліміне барды.
Бұл фильм – табиғат қорғаушыларының күнделікті қызметіндегі жауапкершілік пен батылдықты, туған жер табиғатын қорғау жолындағы күрделі сәттерді шынайы суреттейтін әсерлі туынды.
Табиғатты қорғау – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қасиетті міндет. 🌿
Табиғат қорғаушыларының еңбегі – ел мен табиғат алдындағы үлкен қызмет! 💚







