2026 жылы Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен өткен «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясы өз мәресіне жетті.

📊 Акция аясында:

✅ 37 іс-шара ұйымдастырылды;

✅ 10 мыңға жуық адам қатысты;

✅ 300-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылды.

🌱 Акция барысында экологиялық сенбіліктер, ағаш отырғызу шаралары, плоггинг жарыстары, танымдық кездесулер, ашық сабақтар, экскурсиялар, шығармашылық байқаулар және табиғатты қорғауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

🤝 Іс-шараларға оқушылар, студенттер, жастар, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар мен табиғат жанашырлары белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлестерін қосты.

🏔️ Акцияның жабылу салтанаты 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Хантағы тауында өтті. Қатысушылар әскери-қолданбалы көпсайыс бағдарламасы бойынша бақ сынап, экологиялық мәдениетті насихаттауға бағытталған іс-шараларға қатысты.

🌿 «Парктер шеруі – 2026» акциясы табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Табиғатты бірге қорғайық! 💚

 

1galaweb1