Табиғаты бай, әрі кең байтақ қазақ даласында жануарлардың көптеген өкілдері таралып, тіршілік етуде. Қаратау жотасы ежелгі әрі әсем табиғи көріністердің бірі. Бұл өңір археологиялық және этнографиялық ескерткіштерге бай. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы қарт Қаратау жотасының орталық бөлігінде 34300 га жерді алып жатыр. Қорықтың флорасы мен фаунасы алуан түрлілігімен бағалы.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 2015 жылы Түркістан облысы бойынша экология департаментінің рұқсатымен, зиянды қалдықтардың 7-түріне паспорт жасатылған. Экологиялық кодекстегі заң талабына сәйкес «ҚМТҚ» РММ-сі 11-нысанға, жойылатын қалдықтарға және техника қауіпсіздігі құралдарына түгендеу жұмыстары жасалып, ағымдағы жылы қажетті қаражат көзі есептеліп, мемлекеттік бюджеттке өтінім беріледі.
4 бет. Барлығы: 4