Қаратау қорығының 20 жылда жеткен жетістіктері жайлы көптеген баспалардан, инстаграмнан, фейсбуктан жие көрсетілуде. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының құрылуының басты мақсаты осы Қаратау жотасының эндемигі Қызыл кітапқа енгізілген жойылып кету қауіпі төнген аратау арқарының популяциясын сақтап қалу,
Қазақстанның территориясында ерекше ландшафттық кешендердің - шөлдерден таулы жерлерге дейін және ішкі теңіздердің экожүйелерінің жиынтығы бар. Орталық Азия аумағында құпияларымен қызықтыратын, Ұлы Тянь-Шань жүйесінің батыс бөлігі болып табылатын – Сырдариялық Қаратаудан басқа ешбір аймақ жоқ шығар.
Жыл сайын жаңа жыл мейрамы жақындағаннан бастап қылқан жапырақтыларға қауіп төне бастайды.Бұл әсіресе, орманшылар үшін мазасыз кезең, себебі бір күндік қызық үшін орман сәнін отайтындардың саны көбейеді.Мұның алдын алу үшін осы кезеңде елімізде күзет күшейтіліп, қорықшылар күні-түні орман ішін торуылдайды.
Жаңа жыл жақындаған сайын қылқан жапырақты ағаш сатушылар қарасы да көбейе түсетіні шындық. Ал тұрғындардың жасанды шыршаны емес, көбінесе табиғи шыршаны таңдайтыны да рас. Сол себепті де жыл сайын орман сақшылары шыршаны заңсыз отаудан қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшеді.Осыған орай,
Күнгей мен теріскейді бөліп тұрған қарт Қаратауда мекен етіп келе жатқан бірегей эндем - Қаратау арқары, көрсең көзің тоймайтын ғажап аң. Қорық құрылғанға дейін бұл жануардың саны жойылып кету қауіпі деңгейіне жеткен. Қаратау қорығы құрылған жылы небәрі 38 бас арқардан қазіргі таңда 1317 басқа жетіп отыр.
Адам мен табиғат егіз ұғым деп айтсақ қателеспейміз, себебі «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ...» деген ертеректен келе жатқан сөз бекер айтылмаса керек. Егер табиғаттағы тепе-теңдік жоғалатын болса, адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өз қызметі арқылы табғатқа тікелей әсер етеді.
Еліміздің флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде дәрілік өсімдіктерге өте бай. Қазір елімізде 500-ден астам дәрілік өсімдіктер өседі деп есептеледі, алайда олардың саны одан көп болуы мүмкін. Жалпы дәрілік өсімдіктер қатарына дәрілік өсімдіктер, оларға жақын түрлер, халықтық медицинада қолданылатын өсімдіктер мен биологиялық белсенді заттардың көздері кіреді. Егер осыны ескеріп есепке алатын болсақ дәрілік өсімдіктердің қатары бірнеше есеге көбейетіні сөзсіз. Ертеректе дәстүрлі медицина дамымаған уақытта халық арасында емшілер халықтық медицинаның қыр сырын меңгеріп алдына келген науқасты дәрілік шөптерден жасалынған дәрілердің көмегімен емдеген.
Қаратау арқары Қазақстанда кездесетін 5 арқарлар түршесінің ең бір - ерекшесі.
Біріншіден - ол Қаратау жотасының эндемигі, екіншіден - Қазақстанда кездесетін арқарлардың ішіндегі ең майдасы, қара қоңыр түсті, бас сүйегі кішілеу, мүйіздері қатты
қайырылған (аналығының мүйізі жіңішке, әрі қысқа).
«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесі құрылғаннан бері, мекеменің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері оларды бақылау жұмысын ұдайы жүргізіп келеді. Жыл сайынғы жоспарлы санақ жұмыстарынан басқа, бөлімнің ғылыми жұмыс жоспарына сәйкес жоспарлы экспедициялар ұйымдастырылады. Біздің қазіргі міндетіміз олардың өсу динамикасын, қоныс аудару жолдарын бақылаумен қатар, олардың жыл мезгіліне орай жайылымдарын анықтау, жем- шөп құрамын зерттеу. Сонымен қатар, табын арасындағы қарым - қатынастарды зерттеу.
Осындай бір ғылыми - зерттеу экспедициясы барысында 2024 жылдың 3 наурыз күні Қазанбұлақ шатқалында мынадай жайттар анықталды. Сағат 1020, күн ашық. Қаратау арқарын бақылауға шықтық. Сағат 1105- те сайдан жайылып көтеріліп келе жатқан 10 бас ешкіні байқадық. Олар бізді аңғармады. Дереу өзенге түсіп, жасырынып барып, олардың алдын орап, бақылау жүргіздік, ешкілер емін - еркін жайылып, келесі кезге көтерілді. Сол сәтте біз олардың 12 бас болғанын көрдік, фотосуретке түсіру үшін жақындаған сәтімізде олар бізді байқап қалды. Сол мезетте, олар шатқал ішіне көз тігіп, ілгері жүріп, сәлден кейін қайтак кері жүріп кетті. Сағат 1155- те біз ілгері барып, олар көз тіккен жаққа қарағанымызда 500 метр шамасындағы қашықтықта жайылып жүрген тағы бір топ арқарды көрдік. Олардың біреуі жатыр, қалғандары емін – еркін жайылуда. Біз төменге түсіп із кестік, сол жерде бір топ арқардың жайылып, қазір біз бақылап отырған топтың бағытына қарай кеткенін анықтадық. Демек, біз бақылап отырған арқарлар осы жерден көтерілген. Ал, бір із сол топтан қалып қойған ешкінікі, ол кейіннен жайылып келген топқа қосылған. Ешкілердің сол жаққа қарап, ілгері, кейін қайта кері жүруінің мәнісі енді түсінікті болды.
Арқарлардың табыны немесе тобы туралы әркім әртүрлі пікір айтады. Мысалы, П.И.Вайнберг (1984) және А.П.Бербер (2007) табын немесе топ – аралары бір - бірінен 200 метр қашықтықтан артық емес екі немесе одан да көп жануарлар деп пайымдайды. Біз де осы пікірді ұстанамыз. Демек, арқарларда, мысалы қасқырлар сияқты бір топқа деген берілгендік жоқ. Олар бір себеппен өз табынынан қалып қойса келесі табынға қосылып, соның толық қанды мүшесі болып кете береді.
Міне, осы арқылы қаратау арқарын бақылау жолында талай тосын, тың жайттар анықталып жатқанын көрдік. Сондықтан, біз қаратау арқарын бақылау жолындағы жұмыстарды саналы және сапалы жүргізу арқасында олардың тыныс - тіршілігін терең анықтап, зерттеп ол мәліметтерді келешекте қаратау арқарын сақтап, молайту барысында қолданамыз.
Е.Сембиев
«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің
ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері
3 бет. Барлығы: 4