Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті әрі болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігі. Табиғатты аялау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – еліміздің тұрақты дамуының маңызды бағыттарының бірі. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қоршаған ортаны қорғауды табиғи ортаны сақтау, ластанудың алдын алу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар жүйесі ретінде айқындайды.
Бүгінде климаттың өзгеруі, ауа мен су ресурстарының ластануы, тұрмыстық қалдықтардың көбеюі сияқты экологиялық мәселелер әлемдік деңгейде өзекті болып отыр. Мұндай жағдайда әрбір азаматтың табиғатқа деген жанашыр көзқарасы ерекше маңызға ие. Қоршаған ортаны қорғау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі болуы тиіс.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру отбасынан басталып, білім беру ұйымдары мен еңбек ұжымдарында жалғасады. Ағаш отырғызу, аумақтарды көгалдандыру, сенбіліктерге қатысу, су мен электр энергиясын үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеуге жіберу – табиғатты қорғауға қосылатын нақты үлес. Осындай қарапайым, бірақ маңызды әрекеттер қоршаған ортаның сапасын жақсартуға және табиғи ресурстарды сақтауға ықпал етеді.
Мемлекет тарапынан экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, биоалуантүрлілікті сақтауға және «жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл бастамалардың табысты болуы қоғамның белсенді қолдауына және азаматтардың экологиялық жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Жер – барша адамзаттың ортақ үйі. Оны қорғау – табиғатты ғана емес, халықтың денсаулығын, елдің әл-ауқатын және келешек ұрпақтың жарқын болашағын қорғау деген сөз. Сондықтан әрқайсымыз табиғатты аялауды өмір салтына айналдырып, қоршаған ортаны сақтауға өз үлесімізді қосайық.
Жер ананы қорғау – ел болашағын қорғау.
Табиғи кешендер мен объектілерді
күзету қызметі бөлімінің
мемлекеттік инспекторы
А.А.Жұматов







