Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай Хантағы- Кемпіртас соқпағы бойында «XAH FEST» жастар фестивалі өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін шыңдау, қала жастары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жан саулығын нығайту, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу.