🌱«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ерекше форматтағы тазалық іс - шарасы өтті.
🌱Бұл – жай ғана сенбілік емес, аула тұрғындарының ауызбіршілігін арттырып, жас ұрпақты табиғатты аялауға баулитын жарқын бастама болды. Әр аула өз аумағын күл-қоқыстан тазартып, жабайы шөптерден арылтып, айналаны көркейтуге күш салды. Бұл игі іске балалар да белсене қатысты. «Бір қап қоқыс – бір балмұздақ» ұранымен олар өз еңбектерін ортақ іске қосты.
🌱Таза, жайлы әрі көрікті орта қалыптастыру. Бұл — бәріміз үшін ортақ жауапкершілік!