🏔️ Қаратау – сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің мекені, ал оның басты символдарының бірі – Қаратау арқары.
📰 2026 жылғы 21 қазанда «Южный Казахстан» республикалық газетінің №124 санында журналист Игорь Луниннің **«Дом архара»** атты мақаласы жарық көрді.
✍️ Мақалада Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы Қаратау арқары популяциясының қалыптасуы, оның сандық көрсеткіштерінің өсуі, тіршілік ету ерекшеліктері және сирек түрді қорғау бағытындағы жұмыстар кеңінен баяндалған.
🐏 Мақалада келтірілген деректерге сәйкес, 2004 жылы Қаратау арқарының саны небәрі 38 басты құраса, 2026 жылғы көктемгі есеп нәтижесінде 1 746 басқа жеткен. Бұл – ұзақ жылдар бойы жүргізілген жүйелі табиғат қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды нәтижесі.
🌿 Сонымен қатар журналист қорық инспекторлары мен ғылыми қызметкерлердің күнделікті еңбегіне, күрделі тау жағдайында жүргізілетін мониторинг пен жануарлар дүниесін сақтау шараларына ерекше тоқталған.
🤝 Қаратау табиғатын, оның бірегей байлығын және табиғат қорғаушыларының еңбегін көпшілікке кеңінен танытып жүрген журналист Игорь Лунинге алғысымызды білдіреміз!
📖 Қаратау арқарының тыныс-тіршілігі мен оны қорғау жұмыстары туралы толығырақ білу үшін мақаланы оқуға шақырамыз!
Қаратау – арқардың мекені! Табиғи мұраны сақтау – ортақ міндет!








