🌱5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өткізілген экологиялық іс-шаралар мен табиғат қорғау акцияларының жабылу салтанаты ұйымдастырылды. Соның бірі Қаратау қорығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Хантағы өзені бойында таулы аймақта спорттық тимбилдинг іс - шарасы өткізілді.

☘️Аталған шараның басты мақсаты – қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеу болды.

🌿Табиғатты қорғау саласына өз үлесін қосқан мекемелер мен азаматтарға алғыс білдіреміз.

📌Іс-шара қоршаған ортаны сақтау мен биологиялық алуан түрлілікті қорғау жолындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын айқындай түсті.

1galaweb1