Біз тіршілік етіп жатқан жер бетінің 70 % -дан астамын су алып жатыр. Бірақ, оның ауыз суы, яғни тұтынуға жарамдысы тым аз. Әлем ғалымдары біраздан бері ендігі жер бетіндегі тартыс мұнай мен алтын үшін емес, қара су үшін болатынын болжап отыр. Бұл мәселеден біз де ада емеспіз. Қазіргі таңда көптеген елдердің ауыз су зардабын тартып отырғанын да байқап келеміз.

          Мемлекеттік қорықтағы ғылыми қызмет мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін зерделеу, табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, табиғи процестерге мониторинг жүргізу, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті сақтаудың, экологиялық жүйелер мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтірудің ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеу жөнінде стационарлық жүйелі байқаулар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

          Жыл сайын бөлім қызметкерлері  ҒЗЖ жоспарына және далалық кестеге сәйкес қорық пен оның күзет аумағында ғылыми-зерттеу экспедицияларын жүргізеді. Зерттеулер табиғи процестерді бақылауды, метеорологиялық жағдайларды және өзендердің гидрологиялық режимін зерттеуді қамтиды.

          Зерттеу нәтижелері Табиғат жылнамасын жүргізуде, кадастрлық кітапты, ҒЗЖ жылдық есептерін жасауда қолданылады, сондай-ақ ғылыми мақалалар жыл сайын ЖАК басылымдарында және қорықтың ғылыми еңбектерінде жарияланады.

          Бұл зерттеулер климаттық құбылыстарға, сондай-ақ су объектілерінің гидрологиялық жағдайына бақылау жүргізуді, нақты температура деректерін бекітуді қамтиды. Қорық аумағында ауа-райына бақылау жүргізу үшін 5 шағын метеостанция қойылды. Метеостанцияның негізгі блогы сыртқы датчиктерден ауа-райы туралы маңызды ақпаратты көрсетеді: температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым, желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын мөлшері.

            Сыртқы сенсорларға монтаждау кронштейндері мен штангалар кіреді оларды оңтайлы метеорологиялық көрсеткіштер үшін терезенің сыртында, бақшада немесе кеңсе аумағында орналастыруға болады. Мемлекеттік инспектор жергілікті жерлердегі температуралық көрсеткіштер мен метеожағдайларды орталық ғимаратқа радиобайланыс арқылы тәулігіне 2 рет хабарлап отырады. Ал табиғат пайдалану инженері бұл мәліметтерді жинақтап, Табиғат жылнамасы және жылдық есептерге енгізіп отырады.

          Табиғи объектілер мен кешендердің, сондай-ақ табиғи процестердің жай-күйі (өзгеруі) туралы бағалау мен қорытындылар 2020 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ұсынылуда.

            2020 жылы жазғы маусымның орташа температурасы +30,50 С, қысқы маусымы -0,30 С, ылғалдылығы 48,1 % құрады. Жазғы маусымда жауын-шашынның жалпы мөлшері 47,5 мм, қысқы маусымда 259,7 мм. 2020 жылы жауын-шашынның жалпы мөлшері 728,9 мм құрады.

          2021 жылы жазғы маусымның орташа температурасы +28,70 С, қысқы маусымы -5,00 С, ылғалдылығы 43,7 % құрады. Жазғы маусымда жауын-шашынның жалпы мөлшері 59,2 мм, қысқы маусымда 444,9 мм, 2021 жылы жауын-шашынның жалпы мөлшері 700,7 мм құрады.

          2022 жылы жазғы маусымның орташа температурасы +31,80 С, қысқы маусымы +1,50 С, ылғалдылығы 45,2 % құрады. Жазғы маусымда жауын-шашынның жалпы мөлшері 13,5 мм, қысқы маусымда 145,5 мм, 2022 жылы жауын-шашынның жалпы мөлшері 350,1 мм құрады.

          2023 жылы жазғы маусымның орташа температурасы +28,00 С, қысқы маусымы +0,50 С, ылғалдылығы 46,0 % құрады. Жазғы маусымда жауын-шашынның жалпы мөлшері 18,0 мм, қысқы маусымда 62,7 мм, 2023 жылы жауын-шашынның жалпы мөлшері 200,1 мм құрады.

          2024 жылы жазғы маусымның орташа температурасы +32,00 С, қысқы маусымы -1,00 С, ылғалдылығы 65,0 % құрады. Жазғы маусымда жауын-шашынның жалпы мөлшері 78,8 мм, қысқы маусымда 117,6 мм, 2024 жылы жауын-шашынның жалпы мөлшері 430,5 мм құрады.

          2020-2024 жылдар аралығында жауын-шашынды күндер саны 297 күн болды, оның 85 күні қарлы, 212 күн жауын шашынды болды. Қыста 292 желді күн, көктемде 340,  жазда 312, күзде 281 күн болды(1-кесте).

Қаратау қорығында жыл сайын өзендердің метеорологиялық жағдайлары мен гидрологиялық режиміне мониторингтік бақылау жүргізіледі. Ағымдағы жылы қысқы маусымның орташа температурасы + 1,0 0С, ылғалдылығы 65,0%, жауын-шашынның жиынтық мөлшері 39,2 мм. құрады. Қорық аумағында оңтүстік-батыс бағытындағы жел 19 күн, солтүстік-шығыс бағытындағы жел - 25 күн және батыс бағытындағы жел - 3 күнді құрады. Ағымдағы кезеңде қыста желмен 68 күн, көктемде - 59, жазда - 48, күзде - 66 күн болды. 2024 жылы қысқы айлар жылы болып, жауын-шашын өткен жылдармен салыстырғанда едәуір көп түсті. Биыл жаңбырлы күндер 48, ал қарлы күн 16 болды.     Бір жылда жауған жауын-шашынның мөлшері 430,5 мм. құрады.

          Қаратау жотасы ормандардың мүлде жоқтығымен сипатталады және тек өзен аңғарларының таулы бөлігінде және таулардың солтүстік беткейінде қалың бұталар мен ұсақ ормандар жиі кездеседі.

          Байылдыр, Біресік, Хантағы өзендері қорықтағы негізгі су жолдары болып табылады. Бұл өзендерден басқа қорық аумағында көптеген өзендер бар: Балтабай, Жыңғылшық, Балаөзен, Түйетас, Құрсай, Талдыбұлақ, Қошқарата, Кіші қарақуыс, Үлкен қарақуыс, Арпаөзен, Итмұрын өзендері. Өзендердегі тұрақты ағыс жолдарын бұлақ көздері бастап береді. Алайда бұл өзендердің басым бөлігі су арнасының ауысып тұруына және мезгілге сай булануына байланысты ағынын жоғалтып немесе азайып кетіп отырады.

  Су объектілерін зерттеу үшін, сондай-ақ қорықтағы қар жамылғысының және басқа да жауын-шашынның сипатын анықтау үшін әр кордон жанындағы өзендерге жалпы саны 7 су өлшегіш орнатылды. Бұл су өлшегіштер арқылы жыл ма жыл су деңгейінің қаншалықты көтеріліп немесе түсіп жатқанын байқауға болады.

Көктем айларында жауын-шашынның көп болуына байланысты Қаратау қорығы өзендеріндегі судың деңгейі 150-200 см дейін ұлғайды. Қорық аумағындағы ғылыми-зерттеу экспедициялары кезiнде жаз айларында бұлақтардың көпшiлiгi құрғап кеткенiн байқадық. Сонымен қатар қорықтың барлық шатқалдарында экспедиция барысында өсімдік жамылғысының өз уақытында өтіп жатқаны және өсімдіктердің көптігі байқалды.

2024 жылы 21 наурызда Қаратау қорығы аумағында көктемгі жауын-шашынның көптігінен және қардың еруінен тау бөктерінде сел тасқыны тіркелді. Су тасқынынан болған залал мен су басқан жолдар қалпына келтірілді.

Биыл 16-17 ақпанда желдің жылдамдығы 25-30 м/с-қа жетті, ал 10-11 қазанда желдің жылдамдығы 10-15 м/с-қа жетті, қорықтың солтүстік макросклонында желдің жылдамдығы 20-30 м/с-қа жетті. Бірінші найзағай 14 наурызда 04:15 байқалды.     

            Өзендердің ағынының сулар кезеңінің ұзақтығы таулардағы қар қорының  мөлшеріне, оның еру жылдамдығына, көктемде жауатын жаңбырдың мөлшеріне байланысты. Өзендер бойындағы максималды су ағыны көктемгі су тасқыны кезінде болады, ең аз су ағыны шілде- тамыз айларында байқалады. 

                 Жалпы, гидрометеорологиялық бақылаулардың нәтижелері көрсеткендей, биыл климат өсімдіктер, жануарлар мен жәндіктер үшін қолайлы болды.

Жауын-шашынмен күндер саны (2020-2024 жж.)

1-кесте

Айы

Жылдар

2020

2021

2022

2023

2024

 

***

“ “ “

***

“ “ “

***

“ “ “

***

“ “ “

***

“ “ “

Қаңтар

14

1

7

1

3

6

4

2

7

7

Ақпан

3

11

7

8

2

2

1

6

3

2

Наурыз

-

2

2

12

1

10

0

4

1

9

Сәуір

-

2

0

6

0

3

0

5

0

5

Мамыр

-

8

0

6

0

5

0

4

0

3

Маусым

-

4

0

4

0

1

0

2

0

0

Шілде

-

2

0

3

0

0

0

1

0

4

Тамыз

-

4

0

-

0

0

0

2

0

1

Қыркүйек

-

-

0

-

0

1

0

1

0

3

Қазан

-

1

0

2

0

1

0

3

0

7

Қараша

2

1

1

1

3

11

0

3

0

3

Желтоқсан

8

3

1

5

4

2

6

2

5

4

Барлығы:

27

39

18

48

13

42

11

35

16

48

Бір жылда

66

66

55

46

64

Белгілер:  ***   - қар;  “ “ “ – жауын

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

2024 жылғы қорық өзендеріндегі су деңгейінің мониторингі айлар бойынша (2-кесте).

                                                                                                                                        2-кесте

 

  I

 II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

   X

XI

XII

Байылдыр өзені

41

49

200

44

34

29

18

14

18

27

30

25

Біресік өзені

40

45

200

42

36

25

17

15

18

25

28

23

Хантағы өзені

41

46

200

42

36

31

18

19

23

26

27

25

Қошқарата өзені

32

42

185

40

34

20

19

17

24

28

35

30

Арпаөзен

32

43

187

40

35

22

13

18

22

31

32

29

Үлкен қарақуыс өзені

33

42

193

42

25

24

10

16

21

29

32

31

Итмұрын өзені

34

44

190

40

33

24

13

15

22

28

32

30

 grafik

 

                                                                   Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің

                                                                   табиғат пайдалану инженері

                                                         Ж.С. Джанабатырова

1galaweb1