«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінде экологиялық кодекске сәйкес емес жағдайларды жыл бойына бақылау жұмыстары ұдайы жүргізіліп бақылауда болады. Қорық аумағында у-шу дыбыстары және заңсыз экологиялық кодекстің талаптарына сәкестігі тұрақты қадағалануда.
Қоршаған ортаға зиянды рұқсат етілмеген және рұқсат етілген көлемдегі қалдықтардың 11 нысан бойынша, әр жыл сайын қайта есептеліп, нақты көлемі шығарылады. Әр нысан бойынша ластаушы заттарды, қазіргі таңда рұқсатта көрсетілген бойынша, нақты есеп көрсеткіштерімен жылдық есеп құзіретті органгандарға уақытылы тапсырылып келеді. Қатты қалдықтармен атмосфераға таралған улы газдар, шаң тозаңдар өз деңгейінде, шегінен асырылмай ЭЦҚ арқылы қауіпті қалдықтардың жылдық есептері emission.gov.kz, oos.energo.gov.kz сайттарында тапсырылады. Осы есептердің барлығы қағаз жүзінде іске асып келсе, қазіргі таңда жаңа цифрландыру бағытында бір орталыққа жинақталып сақталады.
«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ экологы А.Алшериев