Мемлекеттік қызмет – халыққа адал қызмет етудің ең жоғары үлгісі. Мемлекеттік қызметші өз міндетін заң талаптарына сай, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын сақтай отырып атқаруға міндетті. Себебі әрбір мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеті азаматтардың мемлекетке деген сеніміне тікелей әсер етеді. Сондықтан адалдық – мемлекеттік қызметтің басты құндылығы әрі ел дамуының берік тірегі.

Адал мемлекеттік қызметші ең алдымен заңның үстемдігін қамтамасыз етеді. Ол жеке басының мүддесінен гөрі қоғам мен мемлекеттің мүддесін жоғары қояды. Қызмет барысында әділ шешім қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосады. Мұндай ұстаным мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтады.

Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, қызметтік әдепті ұстану, азаматтармен сыпайы әрі кәсіби қарым-қатынас жасау – олардың басты міндеттерінің бірі.

Адалдық тек заң талаптарын орындаумен шектелмейді. Ол – арожданның тазалығы, кәсіби жауапкершілік, халыққа жанашырлық және мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау сияқты қасиеттердің жиынтығы. Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің сөзі мен ісіне жауапты болып, әрдайым әділдік пен шындықты басшылыққа алуы қажет.

Мемлекеттік қызметшінің жоғары кәсібилігі мен адалдығы еліміздің тұрақты дамуына, экономиканың өркендеуіне және қоғамдағы заң мен тәртіптің нығаюына ықпал етеді. Мемлекет басшысы да өз Жолдауларында заң мен тәртіп қағидатын, қоғамдағы әділдік пен жауапкершілікті нығайтудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен.

Елдің болашағы – адал еңбек пен сапалы мемлекеттік басқаруға байланысты. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметін абыроймен атқарып, халықтың сенімін ақтауға ұмтылуы тиіс. Адалдық пен әділдік салтанат құрған жерде ғана қоғам дамып, мемлекет өркендейді.

Қорытындылай келе, мемлекеттік қызметшінің адалдығы – ел дамуының негізгі тіректерінің бірі. Әрбір қызметкер өз кәсібіне адал болып, заң талаптарын бұлжытпай орындап, халықтың игілігі үшін еңбек еткенде ғана Қазақстанның жарқын болашағын бірге қалыптастыра аламыз.


Қаратау МТҚ-ның заң кеңесшісі
А. Абдраймов

1galaweb1