Қаратау қорығында 1222 өсімдік түрі кездеседі. Оның ішіне балдыр, саңырауқұлақ, мүктер және ағаш пен шөптесін өсімдіктердің барлығы кіреді.  Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 58 түрі  мен саңырауқұлақтардың 1 түрі 2014 жылы жарыққа шыққан Қазақстан Республикасының  Қызыл кітабына енген.

          Көп өсімдіктердің Қызыл кітапқа енген түрлерін ел арасында біле бермегендіктен оларды дәрілік қасиетіне не болмаса сәні үшін жаппай жұлып, жинап-теріп жатады. Мысалы,  Грейг және Альберт қызғалдағын біраз адам Қызыл кітапқа енгенін білмейді. Табиғатта  Альберт қызғалдағы Грейг түріне қарағанда сирек кездеседі, бұл түрлер Қызыл кітапқа ІІ санатпен енгізілген саны азайып бара жатқан түрлер, арнайы қорғау іс-шараларын қажет етеді.

Егер, өсімдіктерді жұлу немесе жою фактілері анықталса ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабына сәйкес «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай –ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысқаны үшін 3000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру»  жазасы қарастырылған. 2025 жылғы 1 Айлық есептік көрсеткіш = 3932 теңгеге тең.

          Қаратау қорығы қызметкерлері - мемлекеттік инспекторлар тікелей осы өсімдіктердің  қорғау іс-шараларын жүргізуге міндетті. Осы себепті Қаратауда кездесетін Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің тізімін халық арасында кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде.  

Қаратау қорығында кездесетін Қызыл кітапқа енген өсімдіктер түрі:

Ағаш және бұтатекті  өсімдіктерден:

1. Берқара терегі - Тополь Беркаринский

2. Қаратау ырғайы - Кизильник Каратауский

3. Шренк тобылғытүсі немесе қандым - Таволгоцвет Шренка

4. Парсы шетені - Рябина персидская

5. Сиверс алмасы – Яблоня Сиверса  

6. Кәдімгі өрік – Абрикос обыкновенный

7. Соғды шағаны – Ясень согдийский

8. Қаратау ұшқаты – Жимолость каратауская

Шөптесін және гүлді өсімдіктерден:

9. Алатау бәйшешегі – Шафран Алатауский

10. Корольков бәйшешегі – Шафран Королькова

11. Альберт қызғалдағы – Тюльпан Альберта

12. Грейг   қызғалдағы – Тюльпан Грейга

13. Корольков шаяноты - Аройник Королькова

14. Жерсабын – Аллахруза качимовидная

15. Тяньшань жоңышқасы – Люцерна тянь-шяньская

16. Қаратау томағашөбі  – Шлемник Каратауский 

17. Түбірлі  томағашөп – Шлемник почтидернистый

18. Жалған  шөлмасақты бұйрашөп – Ложная шандра пустынноколосниковая

19. Тау-сағыз - Козлец тау-сагыз  

20. Қаратау селеуі - Ковыль каратауский

21. Қауырсынды селеу – Ковыль перистый

22. Кәдімгі семсершөп – Мечь трава обыкновенная

23. Турчинский жуасы - Лук Турчинского

24. Колпаковскийдың гүлжаһангүлі – Иридодиктиум Колпаковский

25. Көкшіл шиқылдақ – Юнона голубая

26. Сүйсін шиқылдақ – Юнона орхидная

27. Регель тарбақайы – Рафидофитон Регеля

28. Кессельринг лапызы – Безвременник Кесселринга

29. Тұрлан құмдақшөбі – Песчанка турланская

30. Қанатжеміс клипеола - Щитница яруточная

31. Мыңжылқы ақшешегі – Резуха мынжилкенская

32. Татар қатыраны – Катран татарский

33. Қаратау шөмішгүлі - Водосбор каратауский

34. Қаратау жалған бозкілемі – Ложноочиток Каратауский

  1. Дермене жусан - Полынь цитварная

36. Тікенекті кекек – Остролодочник шиповатый

37. Мыңжылқы тиынтағы – Копеечник мынжилкенский

38. Евгений – Коровин тұтасжапырағы – Цельнолистник Евгения-Коровина

39. Жабайы жүзім – Виноград дикий

40. Қаратау көкбасы – Синеголовник Каратауский

41. Культиасов батаны – Шренкия Культиясова

42. Қырықбуынтәріздес сайсабақ – Прангос хвощевидный

43. Линчевский кемпіршөбі – Акантолимон Линчевского

44. Қаршыл шүйгіншөп (маун) – Валериана снеголюбивая 

45. Қаратау жыланбасы – Змееголовник Каратауский

46. Северцов жалған шөлмасағы – Лжепустынноколосник Северцева  

47. Павлов рияны – Марена Павлова

  1. Дарабас ершін – Криптокодон одноглавый

49. Қаратау сетені – Лепидолофа Каратауская

50. Пятаева ақүрпегі - Танацетопсис Пятаевой

51. Түркістан гүлкекірегі - Василек туркестанский

52. Павлов сарыаңдызы - Бузульник Павлова

53. Мынжылқы көбенқұйрығы – Кузиния мынжилкенская

54. Микешин шұбаршөбі - Соссюрея Микешина

55. Басаяқты ақжапырақ – Наголоватка головоногая

56. Қаратау аюдәрісі – Рапонтикум Каратауская

57. Культиасов ащытамыры - Каратавия Культиасаова

Шаңжапырақтылардан:

58. Мынжылқы усасыр қырық құлағы – Щитовник мынжилкенский

Саңырауқұлақтардан: 

59. Кестелі қозықұйрық - Шампиньон таблитчатый

 

 

    «Қаратау МТҚ» РММ

ғылыми қызметкері                                      

       А.Асылбекова

 

1galaweb1