Ерікті болу - қазіргі заман талабы. Осы үрдісті назарға ала отырып, Қаратау қорығы Кентау қаласы, Кентау көпсалалы колледжінің студенттері арасынан құрылған “Эко ERIKTI” ұйымымен өзара ынтымақтастық меморандумын бекітті.
Мақсатымыз - туған жер табиғатын құрметтеп сақтауға, жастардың экологиялық білімдерін жетілдіруге, қорық ісі жөніндегі практикалық жұмыстарға дағдыландырумен табиғат байлықтарын қорғау жөніндегі еңбек өнеріне баулу.